Bizdin Jaz - AMAN

Bizdin Jaz - AMAN

  • Año de lanzamiento: 2019
  • Idioma: kazajo
  • Duración: 2:55

A continuación la letra de la canción Bizdin Jaz Artista: AMAN Con traducción

Letra " Bizdin Jaz "

Texto original con traducción

Bizdin Jaz

AMAN

Жазда арайлы ашық аспан

Күн нұрын көлге шашқан

Жазылып сонда жатқан

Махаббат толы дастан


У-оу-оу-о-о


Биікке ұшырғай

Көңілдің құсын жай

Жүргейсің қысылмай

Бұл біздің жаз


Бұл біздің, бұл біздің, бұл біздің жаз

Бұл біздің, бұл біздің, бұл біздің жаз


Жадыратып жүректерді жасыбайға жаз келді

Сұлулар мен серілердің көңіліне саз берді

Ұмыттырар ұлы мезгіл шаруаны өзге енді

Толқын келіп шақырады күлімдеген көздерді

Сезімімді оятқандай далада бір гүл жарып

Шаттық пен қуаныштан жаз келді деп жырладық

Жеміс жейдек піскен кезде күн көзіне нұрланып

Келші құрбым қайтайықшы бүлдіргенге бір барып

Əсемдігін өлкеміздің жанарыңнан табамын

Шың басына қарғып мініп сүйікті

əнге саламын

Ақ желкені күтіп тұр ғой екеумізді маралым

Кеш батқанша аралайық махаббаттың аралын

Махаббаттың аралын, махаббаттың аралын, е!


Жазда арайлы ашық аспан

Күн нұрын көлге шашқан

Жазылып сонда жатқан

Махаббат толы дастан


У-оу-оу-о-о


Биікке ұшырғай

Көңілдің құсын жай

Жүргейсің қысылма-а-а-ай

Бұл біздің жаз


Бұл біздің, бұл біздің, бұл біздің жаз

Бұл біздің, бұл біздің, бұл біздің жаз

Más de 2 millones de letras

Canciones en diferentes idiomas

Traducciones

Traducciones de alta calidad a todos los idiomas

Búsqueda rápida

Encuentra los textos que necesitas en segundos